10.6. Гармоникалық баланс әдісі

 

 Л.С.Гольдфарб ұсынған гармоникалық баланс әдісі қисықсызықты жүелерді жуықтап зерттеу үшін қолданылады. Әдіс қисықсызықтылықты гармоникалық түзулендіру нәтижесінде алынған, қисықсызықты жүйелердің жиіліктік сипаттамаларын қолдануға негізделген.

Қисықсызықты жүйені жүйеге және қисықсызықты түйінге кіретін барлық түзусызықты элементтер біріктірілген түзусзықты бөліктен тұратын жабық жүйе ретінде қабылдайық.

 

 

Түзусызықты бөлік

Қисықсызықты элемент

                                                                Y

 

 

 

 

                       Yн.э.                                Y

 

 

10-14 сурет. Қисықсызықты жүйе

 

Түзусызықты бөлік амплитуда-фазалық сипаттамасын Wл(iω); қисықсызықты элемент инверсті АФС - Zн.э.(iA) арқылы белгілейміз.

Айтылғандай, қисықсызықтылықты гармоникалық түзулендіруде қисықсзықты элемент шығысындағы үлкен гармоникалық құраушы есепке алынбайды.

 Өндірістік жүйелердің көпшілігі үшін, мұнда түзусзықты бөлік жоғары жиілік фильтрі болғандықтан, бұл зеррттеу нәтижелеріне қателер тудырмайды. Бұл қосымшаны анықтайық.

Егер қисықсызықты түйін кірісіне ω0 жиілікпен гармоникалық сигнал жіберілсе, онда оның шығысында, ω0, 2ω0 , 3ω0 .... (Фурье қатары) жиілікпен гармоникалардың шексіз қосындыларынан тұратын тербелістер орнатылады. Түзусзықт бөліктен өтерде осы гармоникалардың әр қайсысы өзінің амплитудасын Мл(kּω0) рет өзгертеді, мұнда Mл(ω) – түзусызықты бөлік амплитуда-жиіліктік сипаттамасы.

Егер түзусызықты бөліс АЖС Мл(ω0)>>M(2ω0) болатындай болса, яғни “фильтр гипотезасы” орындалса, онда түзусызықты бөлік сигналы тек ω0 жиілікпен бірінші гармоникаға ие болады.

Қарастырылып жатқан жабық жүйе үшін бірінші гармоникалық құраушы есебінен өшпейтін тербелістердің пайда болуы, тек ол тұрақтылық шекарасында орналасса ғана мүмкін.

  


 

           Мл 

 

 

 

 

                             ω0                      2ω0                  ω        

 

10-15 сурет. Түзусызықты бөлік амплитуда-жиіліктік сипаттамасы

 

Найквист критериіне сәйкес жабық жүйенің тұрақтылық шекарасына келесі теңдеу сәйкес келеді:

 

                                               (10-28)

т.е.                    (10-29) 

 

Бұл өрнекті басқа түрде:

 

                      (10-30)

 

Бұдан:

 

                               (10-31)

 

яғни, гармоникалықсигнал түзусызықты түйін және түзусызықты бөліктен өткен соң түзусызықты түйін кірісіне тағы сол жиілікпен және амплитудамен енуі керек. Егер (10-31) теңдеуінің нақты оң шешімі (ωа,Аа) болса, онда қарастырып жатқан жүйеде ωа жиілікті және Аа амплитудалы автотербеліс болуы мүмкін.

(10-31) теңдеуін графикалық шешуге болады. Ол үшін комплексті айнымалы жазықығында түзусызықты бөлік Wл(iω) амплитуда-фазалық сипаттамасын және қисықсызықты түйін Zнэ(iA) инверсті амплитуда-фазалық сипаттамасын тұрғызамыз. Осы қисықтардың қиылысу нүктесі (10-31) шешіміне сәйкес, бұл қарастырылып жатқан жүйедегі тербелістер мүкін екенін білдіреді.

 Егер Wл(iω) және Zнэ(iA) қисықтары қиылыспаса, онда қарастырып жтқан жүйеде автотербеліс жоқ. Wл(iω) және Zнэ(iA) годографтарының қиылысу нүктесі автотербеліс параметрлерін анықтайды: амплитуда Zнэ(iA) бйынша, ал жиілік - Wл(iω) бойынша орналасады.

Гармоникалық баланс әдісі сондай-ақ автотербелістер тұрқты ма, жоқ па, соған жауап береді.

Автотербелістер тұрақтылығын зертеу үшін Найквист критериінен шығатын критерии қолданылады: егер түзусызықты бөлік амплитуда-фазалық сипаттамасы қисықсызықты элемент инверсті амплитуда-фазалық сипаттамасын алмаса ( Wл(iω)<Zнэ(iA) яғнии, өз кезегінде,  Wраз.(iω,A)<1), онда жабық жүйе тұрақты.

Егер түзусызықты бөлік амплитуда-фазалық сипаттамасы қисықсызықты элемент инверсті амплитуда-фазалық сипаттамасын алса (Wл(iω)>Zнэ(iA), және Wраз.(iω,A)>1), онда жабық жүйе тұрақты.

Түзусызықты бөлік амплитуда-фазалық сипаттамасы қисықсызықты элемент инверсті амплитуда-фазалық сипаттамасы қиылысу нүктесі, мұнда Wраз(iω)=1, айтып кеткенде, жүйедегі автотербелістерге сәйкес, онда жабық жүйе тұрақтылық шекарасында.

 Осы критериден шыға қандай жағдад автотербелістер тұрақты екенін қарастырамыз.

Автотербелістерге М нүктесі, 10-16 суретте, сәйкес болсын. Тербеліс амплитудасының үлкейуіне қисық бойынша Zн.э оңға қарай жылжу сәйкес. Егер қандай да бір себеп бойынша тербеліс амплитудасы өссе, онда қисықсызықты элементтің жаңа жағдайына М1 нүктесі, Wл.(iω) сыртында, сәйкес келеді. Мұнда жүйе өзін тұрақты сияқты ұстайды және мұнда тербеліс өшеді, яғни тербеліс амплитудасы кішірейеді. Бұл кейбір апуқыттан кейін автотербеліс амплитудасы бастапқыға теңеліне ωа әкеледі.

 

 

А→∞

M(ωa,Aa)

                               i   Im

                                               Wл (iω)

                                                                  M1           Zн.э.(iA)

 

                                                                 

                                                   M2

 

 

                                                    

                                              A=0                   Re

 

Wл (iω) –  түзусызықты бөлік амплитуда-фазалық сипаттамасы; Zн.э.(iA) – қисықсызықты элемент инверсті амплитуда-фазалық сипаттамасы.

 

10-16 сурет. Тұрақты автотербелістер жағдайы

 

Егер, керісінше, қандай да бір себепке байланысты автотербеліс амплитудасы кішірейсе, онда бұл жағдайға М2 нүктесі сәйкес, мұнда жүйе тұрақсыз және тербеліс амплитудасы М нүктесіне түспейінше өседі. Автотербелістер тұрақсыз (10-17 сурет). Бұл жағдайда кез-келген М (ωа, Аа) нүктесінен ауытқу тербелістердің жойылуына әкеледі.

 

А→0

M(ωa,Aa)

 

  


 

                               i   Im      Wл (iω)

                                                                   M1

                                                                                 Zн.э.(iA)

 

                                                                                                                                      

                                               M2

 

                                                     

                                              A=∞                 Re                            

 

10-17 сурет. Тұрақсық автотербеліс жағдайы

 

Егер қисықсызықты жүйе жағдайы М1 нүктесіне сәйкес болса, жүйе өзін тұрақты ұстау күшінен, жүйедегі тербелістер өшеді.

Егер тербеліс амплитудасы өссе және жүйе М2 нүктесінде болса, бұл нүктеде жүйе тұрақсыз, тербеліс амплитудас ары қарай өседі.

Егер жүйеде автотербелістер жоқ болса, онда ол (10-31) теңдеуінің нақты оң шешімі (ωа,Аа) жоқтығын білдіреді. Комплексті айнымалы жазықтығында түзусызықты бөлік Wл(iω) амплитуда-фазалық сипаттамасы қисықсызықты түйін Zнэ(iA) инверсті амплитуда-фазалық сипаттамасы қиылыспайды (10-18 сурет).

 

Wл.(iω)

Zн.э.(iA)

  


 

                          i Im

 

 

                                                          Re

 

10-18 сурет. Қисықсызықты жүйеде автотербелістер жоқ

Осылайша, гармоникалық баланс әдісін қолданғанда автотербеліс режимін зерттеу келесі келесі қадамдардан тұрады:

1.          Ағымдағы схема 10-14 суретте көрсетілген құрылымға келтіріледі.

2.          Жүйе қисықсызықты элемент алдында ашылады. Мұнда түзусызықты және қисықсызықты бөліктер дедуктирлеуші түйіндер ретінде есепке алынады;

3.           Түзусызықты бөлік Wл(iω) амплитуда-фазалық сипаттамасы тербеліс жиіліктерінің ω функциясы ретінде құрылады.

4.          Қисықсызықты бөлік Zнэ(iA) амплитуда-фазалық сипаттамасы тербеліс амплитудаларының А функциясы ретінде құрылады;

5.          Осы қисықтардың өзара орналасуына байланысты автотербелістердің пайда болуын және олардың тұрақтылығын анықтайды.